• Home
  • Ақмола облысында Төлеутай Рақымбековтың бағдарламасы таныстырылды

Ақмола облысында Төлеутай Рақымбековтың бағдарламасы таныстырылды

Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабілетті агродержаваға айналуы керек. Ал, ауыл шаруашылығына қолдау әлемнің жетекші елдерімен тең болуы тиіс. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков бағдарламасындағы осы және өзге де тетіктер бүгін Ақмола облысының жұртшылығына таныстырылды. Жалпы еліміздің ауыл-шаруашылығы саласында осы ңірдің алар орны ерекше. Мәселен, Ақкөл ауданында ғана мыңдаған гектар шаруашылыққа жарамды жер бар. Енді оның әлеуетін толықтай пайдаланып, өңдеу өнеркәсібіне тың серпін беру керек. Осындай ұстанымды негізге алған Төлеутай Рақымбеков штабтың басшысы өңірге сапарын шағын елді-мекендерден бастады.

Серік Балғазыұлы – осы аумақтағы ірі шаруалардың бірі. Қожалығында жүздеген жылқы мен мыңнан аса қой бар. Ерекшелігі сол – бұл кәсіпті оның үш бласы жалғастырып, аясын одан әрі кеңейтіп жатыр. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков өз бағдарламасында осындй дәстүрлі шаруашылықты қолдауға шақырады. Сол арқылы жұмыссыздықты азайтып, жаппай урбанизацияға жол бермеуге болады дейді.

Ауылдан көшіп келген тұрғындардың қиындық көріп жатқандығы – сол қаланың мүмкіндігіне кейде сай келе бермейді. Көбісі тұрғын үйсіз жүр. Көбісі жұмыссыз жүр. Көбісі баласын балабақшаға беруге қиналады. Сондықтан, қазіргі уақытта, біздің кандидаттың бағдарламасында көрсетілгендей, ауылдың инфрақрылымын дамыту керек – деді президенттікке үміткер Т. Рақымбековтың республикалық қоғамдық штабының төрағасы Әли Бектаев.

Степногорск қаласында өткен жиында үміткердің моноқалаларды дамытуға, қала мен ауыл арасын жақындатуға және баспана мәселесін шешуге қатысты бастамалары жан-жақты талқыланды.