• Home
  • Төлеутай Рақымбековтың штабы фотокөрме ұйымдастырды

Төлеутай Рақымбековтың штабы фотокөрме ұйымдастырды

«Ауыл нақыштары». Президенттіке үміткер Төлеутай Рақымбековтың штабы дәл осындай атаумен арнайы фотокөрме өткізді. Елорда төріне шалғайдағы елдімекен тұрмысынан сыр шертетін суреттер қойылып, қала тұрғындарының жақынырақ танысуына мүмкіндік жасады. Көпшілік назарына ұсынылған туындаларда ауылдың қазіргі тұрмыс-тіршілігі, бет-бейнесі және әлеуметтік мәселелері керемет көрініс тапқан.Шара аясында кандидаттың сайлауалды бағдарламасы да таныстырылды.

Бұл фотосуреттерден ауыл тірлішігін жан-жақты көруге болады. Бәрі бар. Ауылдағы тірлік. Балалардың өмірі. Үлкендер мен жастардың арасындағы қарым-қатынас. Кейбір әлеуметтік мәселелер. Әрине, осы фотосуреттердің негізгі жиынында, негізгі мазмұнында біздің кандидатымыздың бағдарламалалық мақсаттырымен үлкен сәйкестік, үлкен үйлесім бар – дейді «Ауыл» ХДПП Орталық Аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейтжанов.

Елордадағы көрмеге республикалық жарыста үздік атанған туындылар қойылды. Яғни, осы мақсатта бірер ай бұрын «Ауыл» партиясы арнайы байқау жариялап, оған еліміздің барлық аймағынан 300-ден аса фотосурет келіп түскен еді. Араларынан ең үдік деп танылғандары енді көпшілік назарына ұсынылып отыр. Президенттік үміткер Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды бағдарламасы осындай ауылдардағы тұрмысты жақсартып, әлеуетін арттыруға бағытталған. Бұған қоса, шалғай жатқан елдімекендердегі рухани құндылықтарды сақтау, ұлттық дәстүрді дәріптеу және жастармен жүйелі жұмыстану сияқты мәселелерді де қамтиды. Кадидаттың өзі сайлауалды бағдарламасын жақын күндері өңірлерге жасайтын сапарында кеңінен таныстырмақ.